Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ақпарат

2023 жылғы 22 желтоқсанда Астрахан ауданының Мемлекеттік архивіне Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов пен Астрахан ауданы әкімінің орынбасары Ж.Шахпутова келді.

Қонақтардың назарына Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 25 жылдығына және Қазақстан Республикасының архившілер күніне арналған «Архив қызметінің ардагерлері» атты фотокөрме ұсынылды. Көрме барысында мемлекеттік архив директоры Т.Мұхамеджанов аудан архивінің тарихы мен оның ардагерлері туралы айтып берді.

Көрме аяқталғаннан кейін қатысушылар үшін архив қоймалары бойынша танысу экскурсиясы өткізілді, құжаттарды сақтау шарттары көрсетілді, құжаттарды қабылдау және сақтау, архив жұмысын танымал ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылды.

 

Мақалың шыққан күні: 22.12.2023
Қаралым саны: 292
© 2024. Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика