Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
2017 жылғы 7 маусымда Астрахан ауданының мемлекеттiк архивi Ақмола облысы бойынша «Азаматтар үшiн үкiмет» МК» ҰАҚ филиалының — «ӘТВЕО» Департаментiнiң Астрахан аудандық бөлiмшесiнiң бастығы Р.Х. Хафизованың қатысуымен «Архив кеңес бередi» акциясы өткiзiлдi.
Акцияның мақсты — «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету, «Азаматтар үшiн үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы» (Мемлекеттiк корпорация), «Электрондық үкiмет» www.egov.kz. веб-порталы арқылы архивтiк анықтамалар алу мүмкiндiгiн жариялау.
Жиналғандардың алдында аудандық мемрхивтiң директоры З.Б. Аманжолова сөз сөйледi, ол «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету тәртiбi туралы айтты.
Зейнетақы заңдарындағы өзгерiстер, базлық зейнетақы тағайындау тәртiбi туралы «ӘТВЕО» Департаментi бөлiмшесiнiң директоры Хафизова ақпарат бердi.
Акция өткiзу барысында азаматтарға алты кеңес берiлдi. Акцияның соңына қарай кеңес берiлген азаматтар, кеңес беру Журналында белгiлей отырып, берiлген кеңестiң сапасын бағалады және «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету тәртiбi түсiндiрiлген ақпараттық кiтапшалар алды.