Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні

2016 жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң күнi — мемлекеттiк мерекесiнiң қарсаңында Астрахан ауданы мемлекеттiк архивiнiң мұрағатшыларымен № 6 Агротехникалық колледжде «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң күнi» тақырыптық сабағы өткiзiлдi. Iс-шараға директор орынбасары, оқытушылар, тәлiмгерлер мен студенттер қатысты. Сабақ барысында қатысушылар Президенттiң өмiрбаянымен, оның өкiлеттерiмен, Конституциялық мәртебесiмен және озаттық белгiлерiмен таныстырылды.

Сабақтың соңында, колледж студенттерiнiң Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрi және еңбек қызметi туралы жақсы бiлiмдерiн көрсетумен қызықты викторина өткiзiлдi.

Өткiзiлген сабақтың қорытындылары бойынша, белсендi қатысқандары үшiн М-125 тобының студенттерiне мемлекеттiк архив басшылығының атынан алғыс хат және сыйлықтар сыйланды.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.11.2016 17:22
© 2024. Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика