Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Егемендi елдердiң ажырамас атрибуты: оның елтаңбасы, туы, гимнi болып табылады. 1992 жылдың 4-маусымы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiнiң туған күнi. Бұдан 25 жыл бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiнiң қабылданған болатын, және 2017 жылдың 4 маусымында, ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы» Конституциялық Заңы қабылданған күнi, елiмiз бұл мерейтойды салтанатты түрде атап өтедi. «Мемлекеттiк рәмiздерге деген құрметтi, бiз кұн сайын, минут сайын, ал мерейлi жылы- одан да кұштi ықыласпен атап өтуiмiз қажет.
2017 жылғы 5 маусымда сағат 10.00-де Астрахан ауданының мемлекеттiк архив қызметкерлерi № 2 Астрахан ОМ педагогтары және оқушыларымен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк рәмiздерiнiң 25 жылдығына арналған ашық сабақ өткiздi. Ол мектептiң акт залында өттi.
Сабақ барысында қатысушыларға, оларды толығымен суреттей отырып, ҚР мемлекеттiк рәмiздерiнiң туу тарихы туралы айтылды.
Оқушылардың күшiмен Отан туралы әндер орындалып және мемлекеттiк рәмiздер туралы өлеңдер оқылып концерт қойылды.
Сабақ ақжарқын және жағымды күйде өттi.
Осы күнi мемархив қызметкерлерi аудандық Мәдениет үйiнде өткен Қазақстан Республикасы мемлекеттiк рәмiздерiнiң 25 жылдығына арналған салтанатты жиналысқа қатысты.