Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Қыркүйек айы мекеме архивтерiнiң төлқұжаттарын қабылдау айлығы болып жарияланды. Берiлген айлықтың мақсаты — Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын мемлекеттiк тiркеу болып табылады.
Айлықтың шеңберiнде келесi iс-шаралар өткiзiлдi:
23 қыркүйек күнi, аудандық мемлекеттiк архивтiң деректеме-iрiктеу ұйымдары және мекемелерiнiң iс жүргiзу және ведомстволық мұрағатты жүргiзуге жауапты мамандарының қатысуымен «Ұлттық мұрағаттық қор құжаттарын және басқа да мұрағаттық құжаттарды тiркеу» тақырыбына семинар-оқыту өткiзiлдi, айдың ағымында мұрағаттың жұмыскерлерi мекеме архивiнiң Төлқұжатын толтыру бойынша түсiндiрмелер өткiздi.
«Мекеме архивтерiнiң төлқұжаттары» толтыру бойынша кеңестi мұрағатшы А.Классова өткiзедi.
Есептердi мұрағатшы Ибраева К. қабылдайды.