AA

Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Өлке тарихы – Ел тарихы» жылжымалы көрмесі

2019 жылдың 22мамырында Астрахан аудандық мәдениет үйiнде "Өлке тарихы — Ел тарихы" кiшi бағдарламасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының ұйымдастыруымен жылжымалы фотокөрме ұйымдастырылды.

Аудан әкiмiнiң орынбасары Шахпұтова Жанар Қазкенқызы және мемлекеттiк архив директоры Аманжолова Зәуре өздерiнiң сөз сөйлеуiнде, осы жобалардың басты мақсаты-архив құжаттарының көп салалығын, олардың тиiмдiлiгi мен құндылығын көрсету, халық тұрғындарының туған өлкелерi жөнiндегi даму тарихынан ақпараттар болу, бүгiнгi таңнын болашағына бар күшiн салған, ол үшiн еңбектенген адамдарды танып бiлу екендiгiн атап өттi.

Көрмеге келгендер 19 роллаптан тұратын материалдармен танысты. Олардың әрқайсысы Ақмола облысының 1991 жылдан бастап қазiргi уақытқа дейiнгi кезеңнiн жеке аймағын таныстырады. Жылжымалы көрмеге аудан әкiмiнiң аппараты, аудандық мәслихат, ауыл әкiмдерi, басшылар мен аудандық қызмет мамандары, қорғаныс органдарының қызметкерi, сот қызметкерлерi, мемлекеттiк қызметшiлерi, аудан тұрғындары, №1,№2 орта мектептерiнiң оқушылары мен оқытушылары, №6 агротехникалық колледжiнен 406 адам қатысты.

Iс шараның аяқталуы бойынша көрмеге қатысушылар осы iс шараның ұйымдастырушыларына жақсы тiлектерiн жылы лебiздерiн ұсыныстар кiтапшасына жазып кеттi.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.05.2019 12:08
© 2024. Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика