Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
2022 жылдың 23 тамызда аудандық мәдениет үйінде Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің басшысы Жұмабек Данагүл Ғалиоллақызының қатысуымен семинар өткізілді. Семинар барысында Д.Ғ. Жұмабек қызмет көрсету үдерісіне тартылған қызметкерлерге мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама ережелерін, сондай-ақ осы саланы реттейтін өзге де нормативтік құқықтық құжаттарды түсіндірді. Сондай-ақ, қызмет көрсетушілер сұрақтар қойып, пікір алмасты.