Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Семинар-кеңес

2017 жылғы 12 сәуiрде аудан әкiмi аппаратының кiшi залында, аудан әкiмiнiң орынбасары Ж.Шахпұтованың төрайымдық етуiмен, Астрахан ауданының дербес бөлiмдерi мен мекемелерi басшыларының және мамандарының қатысуымен «Архивтiк құжаттарды сақтау, ведомстволық архивтердiң жағдайы туралы» мәселесi бойынша семинар-кеңес өткiзiлдi.

Күн тәртiбi бойынша ауданның мемлекеттiк архивiнiң директоры Аманжолова Зәуре Бегалықызы «Архивтiк құжаттарды сақтау, ведомстволық архивтердiң жағдайы туралы» ақпаратпен сөз сөйледi.

Қатысушылар өздерiн ойландырып жүрген сұрақтарын қойды, оларға толық жауап қайтарылды.

Өткiзiлген семинар-кеңестiң қорытындысы бойыншаархивтiк құжаттарды сақтау және өңдеу сапасын арттыру жөнiнде шешiм қабылданды.

 

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 14.04.2017 16:20
© 2024. Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика