AA

Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Семинар-оқытуда

2016 жылдың 3 қарашасында ауылдық округтердiң iс жүргiзуге жауапты мамандарымен өткiзiлген семинар-оқытуда қаралған келесi мәселелер:

Ведомстволық сақтау сатысында тұрған құжаттардың түгелдiгiн қамту, осы мәселемен архивтiң директоры З.Аманжолова,ведомстволық сақтау сатысында тұрған құжаттар түгелдiгiнiң мәселесi бойынша талаптардың негiзгi кезеңдерiне, мұрағаттық құжаттарды жою және жоғалтып алуға жауапты лауазымдық тұлғалар туралы мәселелерге тоқтап, сөз сөйледi.

Iстердi құрастыру және рәсiмдеу бойынша тәжiрибелiк сабақты мұрағаттшы К.Ибраева өткiздi. Сабақтың барысында, құжаттарды iске құрастыру, тiгу және iстiң мұқабасын қалай дұрыс рәсiмдеу керектiгi көрсетiлдi.

Мұрағатшы А.Классова құжаттарды өңдеу нәтижелерiн рәсiмдеудiң негiзгi кезеңдерiмен, атап айтқанда, iстер тiзiмдемесi бойынша, ғылыми-анықтамалық аппарат, құжаттарды жоюға актi құру туралы бөлiстi.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 10.11.2016 15:00
© 2024. Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика