AA

Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Эстония Республикасының Премьер – Министрінің сапары

6 қараша Астрахан ауданы Петровка ауылына Эстония Республикасының делегациясы Премьер — Министр Юри Ратас мырза мен Эстония Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшiсi Хейти Мяемеэс мырза келдi. Делегация құрамында логистика және ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстанның бизнес құрылымдарымен серiктестiк келiсiм-шарттар жасау үшiн Эстониядан келген 30 кәсiпкер де болды. Кездесудi аудан әкiмi Нұрлан Сейiлов ашты. Эстондықтармен мәдени қарым-қатынас жасау мақсатында осы ауылдың аумағында тұратын ауыл тұрғындарымен бейресми кездесу ұйымдастырылды.

Мемлекеттiк архивiнiң қызметкерлерi фотоқұжаттар мен өткен жылдардағы газеттердiң көрмесiн ұйымдастырды. Қонақтар ролапта орналасқан аудан тарихы туралы фотосуреттердi қызығушылықпен қарап, газеттердiң сарғайған беттерiн парақтады. 

 

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.11.2018 10:09
© 2024. Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика