Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
15 желтоқсанда архив қызметкерлерi медицина саласына жарты ғасырдан астам уақыт бойы қажырлы еңбек етiп, жүзден астам адамның өмiрiн сақтап қалған Еңбек ардагерi Андрей Маркович Чернеганың ұлы Чернега Тарас Андреевичпен кездестi.
Оның сапарының мақсаты — аудандық аурухана ғимаратына ескерткiш тақта орнату үшiн материалдар жинау.
Кездесу барысында Андрей Марковичтiң жеке құжаттарын жеке тектiк қор құру үшiн архивке беру мәселесi талқыланды
Сондай-ақ, Тарас Андреевич "Рухани жаңғыру" кабинетiне барып, аудан тарихы бойынша жиналған материалдармен танысты.