Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
2022 жылғы 16 маусымда медицина қызметкерлерi күнi қарсаңында Астрахан мемлекеттiк архивында Чернега Андрей Марковичтiң жеке қорының архивтық құжаттары бойынша көрме өткiзiлдi. "Астрахан аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ қызметкерлерiне Денсаулық сақтау саласының үздiгi, Еңбек ардагерi, Астрахан ауылының құрметтi азаматы, бiздiң ауданның әлеуметтiк — экономикалық дамуына лайықты үлес қосқан Астрахан ауданының қоғамдық-саяси қайраткерi Чернега Андрей Марковичтiң құжаттары көрсетiлдi. Астрахан аудандық ауруханасындағы еңбек жолында Андрей Маркович көптеген медальдармен, белгiлермен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.