A- A A+
Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Астрахан ауданы мемлекеттік архивінің қызметі туралы есеп

1. Жалпы ережелер

1) Қызметті беруші туралы мәліметтер

Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы, 020300, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Ыбрай Алтынсарин көшесі, 65/2 ғимарат, тел: 8 (716 41) 2-33-55

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

  • Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: мемлекеттік архивтер 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " коммерциялық емес акционерлік қоғамы; 3) "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер саны 737 құрады:

  • "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы — 7;
  • www.e.gov.kz веб-порталы арқылы — 592;
  • көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы — 138.

Мемлекеттік мұрағатта 1 "E-gov"өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған.

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты: мемлекеттік архив стендтерінен алуға болады. Мемлекеттік архив сайтында, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары интернет-ресурста көрсетілген www.gov.kz. мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Қоғамдық талқылауға арналған мемлекеттік архивтің қызметі туралы есептер сайтта және басқарманың әлеуметтік желілерінде орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметті алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында 2023 жыл ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру бойынша 7 іс-шара өткізілді: 1) семинар — кеңес және "дөңгелек үстел" — 6; 2) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Мемлекеттік орган (ведомстволық бағынысты ұйым) қызметкерлерінің БАҚ-та сөйлеген сөзі — 1.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) 2023 жылы "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметті орындау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:

2023 жылы мемлекеттік архивтар "электрондық үкімет" порталы арқылы 592 қызмет көрсетті.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2023 жылы мемлекеттік архивтің 1 қызметкері біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуде, оның ішінде әуре-сарсаң және бюрократия фактілерінің жолын кесу, ашықтық саясатын қалыптастыру мақсатында кәсіби тәсілді қолдану, сондай-ақ ЭҮП арқылы "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінді көшірмелер беру" мемлекеттік қызметін алу туралы халықты хабардар ету ("электрондық үкімет" порталын танымал ету үшін БАҚ арқылы халықты хабардар етуді жүргізу, әлеуметтік желілер және т. б.). 

Комментарии







Очистить данные формы



Мақаланың шыққан күні: 29.02.2024 11:24
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.02.2024 11:24
Қаралым саны: 100

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»
Яндекс.Метрика