A- A A+
Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқушыларға сабақ

5 мамыр күнi архив қызметкерлерi № 2 Астрахан ОМ 3-сынып оқушыларымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 72 жылдығына арналған «Имя тебе — Победитель» атты тақырыптық сабақ өткiздi. Сабақ өткiзу барысында оқушылар қазiргi Ақмола облысында алғаш рет жарыққа шыққан 11 томдық Зерде Кiтабымен таныстырылды.

Зерде Кiтабының әр томы елбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың — «Қазақстан халықтардың бiртұтас отбасымен бiрге Ұлы Отан соғысына қатысты. Сондықтан да сол соғыс және оның естелiктерi көп ұлтты Қазақстанның жалпы тарихының бiр бөлiгi. Қазақстандықтар елiмiздi кеудесiмен қорғап және бүкiл әлемдi фашизмнен құтқарып қалған аға буынның ерлiгiн ешқашан да ұмытпайды. Бiздiң Отанымыздың еркiндiгi мен тәуелсiздiгi жолына өз өмiрлерiңiздi қиып, Сiздер өздерiңiздiң ерлiктерiңiз бен батылдықтарыңызды үлгi тұта отырып, өз халқыңа, өз жерiңе қалай қызмет ету керектiгiн көрсеттiңiздер. Жастарды ерлiк пен патриотизм рухында тәрбиелеуде аға буынның Отанға деген шынайы сүйiспеншiлiгiнiң үлгiсi ретiнде, Бiз әрқашан да Сiздердi есте сақтаймыз және Жеңiс күнiн тойлаймыз.

Бұл Жеңiстiң 70 жылдығына арналған кiтапта қазiргi Ақмола облысында туған, тұрған және Ақмола облысының аумағынан шақырылған — Ұлы Отан соғысына қатысушылардың тiзiмi және олардың ерлiгi туралы толық ақпарат берiлген.

Балалар бiздiң жерлестерiмiздiң Ұлы Отан соғысындағы ерлiктерi туралы әңгiмелердi қызыға тыңдады, Ұлы Отан соғысы туралы тақпақтар айтып бердi.


Мақаланың шыққан күні: 12.05.2017 09:24
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.05.2017 11:59
Қаралым саны: 3163

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»
Яндекс.Метрика