A- A A+
Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Архив тарихы

Астрахан ауданының мемлекеттiк мұрағаты Астрахан аудандық халық депутаттары Кеңесiнiң атқарушы комитетi жанында 1991 жылдың шiлдесiнде құрылған, жеке құрам бойынша шаруашылық есептегi мұрағат негiзiнде қалыптасты. 1992 жылдың желтоқсанында Астрахан ауданының мемлекеттiк мұрағатына өзгертiлдi.

Соңғы толық атауы — Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттiк мұрағаты» мемлекеттiк мекемесi.

Мемлекеттiк мұрағат барлық меншiк нысандарының, соның iшiнде аудан аймағында орналасқан, жабылған және жекешелендiрiлген мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорындар құжаттарының мемлекеттiк сақтауын, есепке алуын және пайдалануын жүзеге асырады. Толықтыру көздерi-ұйымдары мен әлеуеттi көздерiнiң есебiн жүргiзедi. Аудан мекемелерiне, ведомстволық мұрағаттар, сараптамалық комиссиялар, құжаттау мен құжаттаманы басқару жұмысының мәселелерi бойынша әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсетедi.

2016 жылдың 1 қаңтары жағдайына мемлекеттiк мұрағатта 166 қор, 42932 сақт. бiрл. есептелуде; соның iшiнде 23596 тұрақты сақтау, 19366 — жеке құрам бойынша iстер.

Мемлекеттiк мұрағат кеңес кезеңi мен Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң алғашқы жылдарының құжаттарын сақтайды, 1928 жылдан 2003 жылға дейiн.

Негiзiнде Новочеркасск, 1963 жылдан Астрахан аудандарының жабылған ұйымдар, колхоздар мен совхоздардың құжаттары сақталады.

Мұрағат қызметiнiң алғашқы жылдарында мемлекеттiк сақтауға жеке құрам бойынша деректi материалдардың үлкен топтамаларын қабылдаған, олар 75 қорда топталған. Құжаттардың бас бөлiгiн жеке құрамы бойынша бұйрықтар, жалақы бойынша есеп-айырысу тiзiмдемелерi және жеке шоттар, жеке құрамды есепке алу бойынша карточкалар мен қызметкерлердiң жеке iстерi, зейнетақы аударымдарды растайтын құжаттар. Бұдан басқа, колхоздардың құжаттары сақталады, олардың негiзiнде 1961 жылы ауданда совхоздар ұйымдастырылған. Олар колхозшыларға еңбеккүндердi есептеу бойынша тiзiмдемелермен және 1950-1961 жылдарғы есеп-айырысу тiзiмдемелермен ұсынылған.

Тұрақты сақтаудағы құжаттар 91 қорда топталған.

Аудан құжаттарының бас бөлiгi ұзақ уақыт Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағатында сақталған, алайда 2005 жылдың 07 желтоқсандағы № 72 «Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағат құжаттарын көшiру туралы» Ақмола облысы әкiмiнiң өкiмiне Астана қаласынан және 2005 жылдың 12 желтоқсандағы № 42 «Мұрағат құжаттарын көшiру туралы» Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар бөлiмiнiң бұйрығына байланысты облыстық мемлекеттiк мұрағатынан 61 қордың құжаттары 14965 сақтау бiрлiгi көлемiнде және Ақкөл ауданының мемлекеттiк мұрағатынан 4 қордың құжаттары, 161 сақт. бiрл. тапсырылған болатын.

Жабылған селолық және поселкелiк Кеңестер қорларында (1980-1993 жж.) олардың қызметiн, ауыл дамуын сипаттайтын, құжаттар сақталады.

Оларға басқарушы құжаттар, атқарушы комиттерi сессиялары мен отырыстарының хаттамалары, жоспарлау және есеп беру, сайлау құжаттары, алфавиттiк және шаруашылық кiтаптар жатады.

Соңғы онжылдықта Мемлекеттiк мұрағаттың толықтыру көздерi елеулi өзгердi. Жаңа қор құрушы-ұйымдар пайда болды, көбiнесе мемлекеттiк емес. Мемлекеттiк сақтауға қабылдауға жататын, құжаттар құрамы да өзгерген.

Аса көңiл ведомстволармен жұмысқа аударылады, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша кеңестер мен ұсыныстар берiледi.

Мемлекеттiк мұрағат бөлек ғимаратта орналасқан, жалпы көлемi 267,5 шаршы метрдi құрайды. Мұрағат қоймаларының сыйымдылығы (олар 5)– 80%.

Соңғы жылдары мұрағат ғимаратының көрiнiсi өзгере бастады, ғимараттың ағымдағы жөндеу өткiзiлген, жеке айтқанда жұмыс кабинеттер, мұрағат қоймаларында металл есiктер орнатылған, жылыту жүйесiнiң жөндеуi жасалған, канализация өткiзiлдi. Қызметкерлер кабинеттерiнде дербес компьютерлер, заманауи оргтехника орнатылған, ғимарат өрт және күзет сигнал берумен, автоматтандырылған өрт сөндiру жүйесiмен жабдықталған. Жұмыс кабинеттерге заманауи жиһаз сатып алынды. Ағаш сөрелердiң бiртiндеп заманауи металл сөрелерiне алмасуы өткiзiледi,

Мұрағат ұжымы ауданда өткiзiлетiн, барлық iс-шараларға белсендi қатысады.


Мақаланың шыққан күні: 24.04.2016 10:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.07.2016 11:30
Қаралым саны: 3973

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрладыру және архивтер басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»
Яндекс.Метрика